Алтынбек Шәкен экшен-режиссері болған түріктің «49» фильмі үздік атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Nomad Stunts тобының трюк қоюшысы Алтынбек Шәкен экшен-режиссері болған «49» фильмі 2023 жылдың ең үздік түрік экшен-фильмі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтынбек Шәкен экшен-режиссері болған түріктің «49» фильмі үздік атанды

«Бурса кинофестивалінде Nomad Stunts тобының трюк қоюшысы Алтынбек Шәкен экшен-режиссері болған «49» фильмі 2023 жылдың ең үздік түрік экшен-фильмі атанды.

«49» драмасы шынайы оқиғаларға негізделген және Ирактағы түрік консулдығын кепілге алу оқиғасын баяндайды.

Фильм режиссері – Хакан Инан. Басты рөлдерді белгілі түрік актерлері Ханде Догандемир мен Исмаил Хаджиоглу сомдады», - делінген аталған топтың Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратта.

Жобаға Nomad Stunts каскадерлері қатысқан. Ал Алтынбек Шәкен барлық экшен көріністерін қоюға жауапты ғана емес, сонымен қатар экшен-оператор ретінде дебют жасаған.