19:54, 31 Қаңтар 2019 | GMT +5
«Алтынкөл» кеден бекетінің 17 қызметкеріне үкім шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Алтынкөл» кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл үкім ҰҚК органдарының 2018 жылдың ақпан айында жүргізген Алматы облыстық кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық ісін әшкерелеу бойынша ауқымды арнайы операциясының аяқталуы.
Тергеу кезінде сыбайластық жүйесінің «есепшісінен» ақшаны алу және бөлісу жөніндегі «жасырын есеп-қисабы» тәркіленді. «Қара кассада» жүз мың доллардан астам ақша болған. Тінту барысында 116 мың доллар және 4,3 млн теңге табылды.
Өз кінәларын мойындамаған күдіктілер ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Тергеу жүргізуге көмектескен қылмыскерлерге айыппұл түріндегі жазалар тағайындалды.