Алтынның құны соңғы төрт жылда ең төменгі деңгейге жетті

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Goldman Sachs сарапшыларының пікірінше, сары металдың бағасы келесі жыл бойы төмендеп, 2015 жылдың бас кезіне қарай 1050 долларға дейінгі деңгейге жетеді, деп жазады delo.ua.
None
None

Жыл басынан бері алтын 29 пайызға төмендеді. Инвесторлар осы бағалы металға байланысты кез келген активтен шығады: алтын өндіруші компаниялардың баға кесімі биылғы жылы 23 млрд. долларға, биржалық үлеспұлдық қоры осы уақытта 73 млрд-қа төмендеді. Бейсенбі күнгі сауда күнінің өзінде алтын мөлшері SPDR ірі қорының мәліметі бойынша, 3,9 тоннаға төмендеп, 808,72 тоннаға жетіп, соңғы төрт жылдағы ең төменгі деңгейге жетті.

Соңғы жаңалықтар