Алтыншы шақырылған Ресей Мемлекеттік Думасы 26 желтоқсанда жұмысын бастайды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Алтыншы шақырылған Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші отырысы 26 немесе 27 желтоқсанда болуы мүмкін. Бұл туралы төменгі палатаның аппаратынан мәлімдеді, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
None
None

Парламенттік сайлау 4 желтоқсанға тағайындалған. Мемлекеттік Думаның соңғы жалпы отырысы 23 қарашада өтеді, содан кейін депутаттар округтерге шығып, сайлау науқанына қатысады.

Мемлекеттік Думаның алғашқы отырысы әдетте ұйымдастырушылық сипатта болады: онда Мемлекеттік Думаның спикері, вице-спикерлері, комитеттер мен комиссиялар төрағалары сайланады. Парламентшілер заң шығарушылық жұмысқа жаңажылдық каникулдан кейін кіріспек.

Соңғы жаңалықтар