Алуа Нұрманова жаһандық Pro Chess League біріншілігінің чемпионы атанды
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, ол осы арқылы Gotham Knights командасының жеңісін қамтамасыз етті. Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов өнер көрсетті.
Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншыларды жинаған 16 команда сайысты. Олардың ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.
«Сонымен қатар, ол халықаралық гроссмейстерлер Адхибан Баскаран (Үндістан), Николас Теодору (Грекия), Бенджамин Бокпен (Нидерланды) тең түсті. Алуа – Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі. Ол – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, оқушылар арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында Азия чемпионы», - деп атап өтеді федерациядан.
Айта кетейік, Pro Chess League (PCL) — 150 000 АҚШ доллары көлемінде жүлде қоры бар шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін өтті.