Аляска жағалауында күшті жер сілкінісі болды
АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні американдық Аляска түбегінің Алеут аралдары ауданында тербелісі 6,7 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметінің сайты хабарлады.
Американдық сейсмологтардың мәліметтері бойынша, цунами пайда болуы қаупі жоқ. Жергілікті уақыт бойынша 06:00 сағатта тіркелген жерасты дүмпуінің кіндігі Юнеска аралынан шығысқа қарай 85 шақырым жерде, 35 шақырым тереңдікте болған.