Аляска жағалауында магнитудасы 7,1 зілзала болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алясканың оңтүстік жағалауынан қашық емес жерде жексенбі күні магнитудасы 7,1 жер сілкінісі тіркелді, делінген АҚШ-тың Геологиялық қызметінің сайтында.
Жер асты дүмпуі түстен кейін қарай сезілген. Оның ошағы Аляскадағы 300 мың адам тұратын Анкоридж қаласынан 261 км жерде. Жер сілкінісінің тереңдігі - 127,8 км.
Тынық мұхиттың цунамиден сақтандыру жөніндегі орталығы жер сілкінісі салдарынан цунами туу қаупі жоқ деп хабарлады.