15:53, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Аляскада 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болды
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Аляска штатының Анкоридж қаласы маңында 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуі елді-мекен аумағынан бар болғаны 16 шақырым жерде тіркелді,

деп хабарлайды РБК Associated Press-ке сілтеме жасап.
Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ, цунами туралы да әзірге ескерту жарияланбаған. Қала тұрғындарының айтуынша, олардың үйлерінде жиһаздар құлап, ыдыс-аяқтар сынған.
Естеріңізге сала кетейік, 1964 жылы Анкоридж қаласында 9,2 магнитудалық күшті жер сілкінісі болды. Сол жолғы апат салдарынан 130 адам опат болған еді.