Аляскада тербелісі 5,9 баллдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық Аляска штатында тербелісі 5,9 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Аляскада тербелісі 5,9 баллдық жер сілкінісі болды

АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, оның кіндігі Аляска түбегінде Анкоридж қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 930 шақырым қашықтықта, 35 шақырым тереңдікте болды. Құрбан болғандар мен қиратулар туралы ақпараттар түскен жоқ.