Аляскада ұшақ апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алясканың оңтүстік-батысында шағын қала маңы ұшағы құлап, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Аляскада ұшақ апатқа ұшырады

Yute Air компаниясының ұшағы Кипнук қаласына бағыт алған. Ұшу кезінде ол Тунтутулиак маңында апатқа ұшырады. Ұшқыш пен төрт жолаушы қаза тапты.

Алясканың Ұлттық гвардиясы оқиға орнына Вефильден UH-60 Black Hawk тікұшағын жіберді. Федералды авиация басқармасы өкілінің айтуынша, ұшақ белгісіз жағдайда құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.