Алясканың губернаторы отставкаға кетеді

ВАШИНГТОН. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Алясканың губернаторы Сара Пэйлин өз өкілеттігін  орынбасары Шон Парнеллге беріп, отставкаға кететінін кеше журналистерге Пэйлиннің өкілі Дейв Марроу мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

 Ол Пэйлиннің мұндай шешімінің себептері  туралы хабарлаған жоқ, тек губернатор шілденің 26-сында өз орынын босататынын айтты.

 Соңғы кездері американдық бұқаралық ақпарат құралдарында АҚШ вице-президенттігіне бұрынғы кандидаттың келесі президенттік сайлауда бағын сынап көруден дәмелі екені жөнінде бірнеше рет хабар тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар