Алынған табыстарды қызметiн арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың табыстарына жатқызу туралы Ережелер бекiтілді
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидалары және оның нысаны бекiтілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекiту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 150-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидалары;
2) негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растамасын алу нысаны бекiтілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «31» желтоқсандағы
№1749 қаулысымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Осы Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидалары және оның нысандары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу туралы растаманы арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) қатысушыларына беру тәртiбi мен нысанын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
1) АЭА қатысушысы - АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) өтiнiш - растаманы алу үшiн осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, АЭА қатысушысының жазбаша жүгінуі;
3) растама - АЭА қатысушылары алған (алуға жататын) табыстарды АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жататынын растайтын ресми құжат;
4) өтiнiш беруші - растаманы алуға арналған өтiнiмдi қарауға ұсынған АЭА қатысушысы.
2. Растаманы беру тәртiбi
3. АЭА қатысушысы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтiнiш бередi, ол келiп түскен күнi осы Қағидаларға 2-қосымшамен белгіленген нысан бойынша Өтініштерді тiркеу журналында тiркеледі.
4. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) қызмет түрлерi бойынша бөлінген өз өндiрiсінің сатылған тауарларының (жұмыстардың, қызметтердің) нақты көлемi туралы анықтама;
2) өткен қаржы жылы үшiн қызмет нәтижелері бойынша бухгалтерлік теңгерiм және табыстар мен шығыстар туралы есеп;
3) өткен қаржы жылы үшiн аудиторлық есептiң көшiрмесi (Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мiндеттi түрде аудит жүргiзу белгіленген заңды тұлғалар ғана ұсынады);
4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт көшірмесі;
5) тауарларды жеткізуге (жұмыстарды орындауға/қызметтер көрсетуге) арналған шарттардың (келісімшарттардың) және орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелері.
Өтінішке бірінші басшының (ол жоқ болған жағдайда мiндетiн атқарушы тұлғаның) және бас бухгалтердің қолы қойылады, ал осы тармақтың 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоса берілген материалдардың әрбір парағына қолы қойылуы және мөрмен куәландырылуы тиіс.
5. Өтiнiш берушi ұсынылған материалдардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етедi, сондай-ақ олар бiр тұтас папкаға жинақталуы, ал парақтары нөмiрленуi тиiс.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінішті ресімдеу талаптарына және мазмұнына сәйкес келмеген жағдайда өтінішті оны берген күні қараусыз қайтарады.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы растаманы өтiнiш түскен күнінен бастап күнтiзбелiк 20 күннен кешiктiрмей бередi.
9. Растаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы өтініш берушіге күнтiзбелiк 20 күн iшiнде бiрiншi басшының (ол жоқ болған жағдайда мiндетiн атқарушы тұлғаның) қолы қойылған жазбаша дәлелді жауапты жiбередi.
Өтініш берушінің Салық кодексінің 150-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі 3) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуі растаманы беруден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
10. Растама осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделген Растамаларды тiркеу журналында тiркеледi.
11. Растама үш данада ресiмделедi, оның екеуi Өтiнiш берушiге берiледi, үшiншiсi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында қалады.
Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларына 1-қосымша
Облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергiлiктi
атқарушы органының басшысына
(атауы)
____________________________
(Т.А.Ә.)
Нысан
Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органынынан РАСТАМАНЫ алуға
ӨТIНIШ
1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы (атауы) ________________________________________________________________
2. Бизнес - сәйкестендiру нөмiрi/СТН _________________
3. Мекен жайы мен телефоны _______________________________ ________________________________________________________________
20_ жылғы «___» __________ 20_ жылғы «___» ___________ кезеңiнде алынған (алынуға жататын) табыстарды «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 151-1, 151-2, 151-3, 151-5, 151-6-баптарының 1-тармақтарында көрсетiлген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы растама берудi сұраймыз (керегінің астын сызу керек).
Қызмет түрлерi:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қосымша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» «________» № _______ қаулысымен бекiтiлген Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларының 4-тармағында көрсетiлген растаманы алу үшiн қажеттi құжаттар.
Ұйым басшысы ______________________ (Т.А.Ә, қолы)
Бас бухгалтер______________________ (Т.А.Ә, қолы) М.О.
20_ жылғы «___» «___________»
__________________________________
Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларына 2-қосымша
Өтiнiштердi тiркеу журналы
|
Р/с№ |
Өтiнiш қабылд- анған күнi |
Өтiнiштiң атауы |
Бизнес-сәйкесте-ндiру нөмiрi/СТН |
Бекiтiлген кiрiс сомасы және берiлген күнi |
Өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi |
Парақ саны |
Өтiнiштi қабылдаған маманның қолы және Т.А.Ә. |
Өтiнiш берушi-нiң қолы |
______________________________________
Негiзінде алынған (алынуғажататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларына 3-қосымша
Растаманы тiркеу журналы
|
Р/с № |
Растаманы берген күнi |
Растаманы алушының атауы |
Бизнес сәйкестендiру нөмiрi/СТН |
Бекiтiлген кiрiс сомасы және берiлген күнi |
Растамаға қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi |
Парақ саны |
Растаманы берген маманның қолы және Т.А.Ә. |
Өтiнiш берушiнiң қолы |