Алып акула теңіз арыстанына қақалып өлді - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт метрлік ақ акула теңіз арыстанымен тамақтанамын деп Австралияның батыс жағалауында өлді. Акуланы Геральдтон солтүстігінен 28 шақырым жердегі жағалауға шығарып тастады. Жергілікті тұрғындар мұны видеоға түсіріп, 12 шілдеде оны YouTube желісіне орналастырған.

Алып акула теңіз арыстанына қақалып өлді - ВИДЕО

Балық аулау департаментінен хабарлағандай, акула жұтқыншағында түйіліп қалған теңіз арыстанының салдарынан өлген.

Сарапшылардың пікірінше, жұтқыншағында тұрып қалған жануар акуланың ішкі мүшелеріне зақым келтіріп, желбезектегі судың циркуляциясын тоқтатуы мүмкін, бұл жағдайда ол тұншығып өлуі ықтимал. Сондай-ақ ол жұтқыншағын тазартпақ болып, абайсыздан таяз суда тұрып қалап өлді деген болжам да бар, деп жазады News.com.au