Алып күш иесі Иван Савкин Т-34 танкін орнынан қозғалтты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Владивостокта тұратын алып күш иесі Иван Савкин Т-34 танкін бірнеше метрге орнынан қозғалтты. ХХ ғасыр техникасы мұражайының қызметкерлері мен тұрғындар бұл жетістіктің куәгері болды, деп хабарлады NewsVL.ru сайты.

Алып күш иесі Иван Савкин Т-34 танкін орнынан қозғалтты (ФОТО)

Бастапқыда ол әскери машинаны орнынан сәл ғана қозғай алды. Екінші ретте алып күш иесі 26-тонналық танкіні алты метрге жылжытқан.

Савкин осыған дейін 188 тонналық темір жол құрамын жылжыту және салмағы жүз тоннадан асатын «Босфор Восточный» паромын су бойынша жылжыту арқылы белгілі болған еді.