18:07, 04 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Алыптар айқасы: Ыстықкөлде өзгеше турнир ұйымдастырылды
КЫРЧЫН. ҚазАқпарат - Ыстықкөл облысының Кырчын жайлауындағы этноқалашықта ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ортағасырлық шайқас турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Турнирге Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей командалары қатысып жатыр.
Қатысушылардың айтуынша, спорттың бұл түрі орта ғасырлардан бастау алады.
«Бүгінде біз көшпенді ата-бабаларымыз шайқасқан сауыт-саймандарды қолданып жатырмыз. Мұнда соққы беру техникасы және күрес элементтерін қамтыған нағыз айқасты көруге болады», - дейді алматылық қатысушылардың бірі.
Айта кетейік, «ортағасырлық» спортшылар салмағы 30 келі тартатын сауыт киген.