АЛЫПТОМАР КЕСЕНЕСІ

Алыптомар кесенесі - ХІХ ғасырдың соңғы сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы Қорғалжын ауылынан шығыс - оңтүстік - шығысқа қарай он шақырым қашықтықта, ашық далада орналасқан.
None
None

Алыптомар кесенесі 2006 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының Жиынтық бөлімімен (жетекшісі Г.Қамалова) зерттелген.

Кесене мөлшерлері 35х22х10 см және 30х28х10 см шикі өңделген кірпіштерден қаланған. Күмбездің және кірме аркасының үстіңгі бөлігі опырылған.

Жоспарында диаметрі 6,8 метр дөңгелек негізі бар күмбезді мазардың орталықты типін сипаттайды. Шығыс жағындағы есігі көлемнің бүкіл биіктігіне созылған екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны қуыс түрінде жасалған, оның орталық нүктесіндегі биіктігі 3,15 метр.

Әшекейлі шешім ретінде мазардың бүкіл цилиндрлік көлемі бойынша күңгірт және ашық өңді кірпіштер қалау қатарларының алмасуы қолданылған.

Ішінде мазардың жоспарында домалақ диаметрі 3,68 м бөлме үстіндегі күмбезге өту шығыңқы кірпіш қалауымен орындалған. Күмбездің солтүстік жағында қабырғалардың негізінен 1,3 метр деңгейде биіктігі 0,5 метр жебе тәріздес текшелер орындалған.

Дерек көзі:

Ақмола облысының тарихи және мәдени мұрасы. Ескерткіштер жиынтығы, Алматы - 2008 жыл.

Соңғы жаңалықтар