Алыс сапарға шығатын пойыздарда жас жұбайлар вагондары пайда болмақ
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей темір жолдарында жас жұбайлар вагондары пайда болмақ, деп хабарлады Утро.ру.
Ресей темір жолынан хабарлағандай, жобаны жас жұбайлардың неке тойынан кейінгі саяхаты үшін коммерциялық мақсатта ғана емес, ерлі-зайыптылардың үйленгендеріне белгілі бір кезең болған атаулы мерейтойлық салтанаттарын әдемі атап өту үшінде жоспарланып отыр.
Оларға "люкс" санатындағы арнайы купелерде саяхат жасауларына мүмкіндік берілмек. Мұндай вагондар ел ішінде ғана емес, шетелдерге шығуға да жағдай жасайды. Ілкі рейс 19 желтоқсанда Мәскеу - Ұлы Новгород жолбағытымен РТЖ қызметкерлері арасынан 16 отбасылық жұпты алғашқы сапарға алып шығады.