22:17, 15 Қаңтар 2015 | GMT +5
Алжир әскері содырлар басын кескен француздың денесін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің солтүстігінде "Джунд әл-Халиф" ("Халифат сарбаздары") жиһад тобының содырлары қыркүйекте басын алған француз турисі Эрве Гурдельдің денесі табылды.
Жантүршігерлік оқиғаға сарбаздар сәрсенбі күні елдің солтүстігіндегі Тизи-Узу уәләяты таулы аймағында куә болды, деп хабарлады газета Аль-Йаум Ас-Саби газеті.
Гурдельдің көмілген жері осы өңірде тұтқындалған содырдан алынған ақпараттан белгілі болды. Бұл орын туристің киімі табылған жерге жақын болып шықты.
Алжирлік әскерлер желтоқсанда "Джунд әл-Халиф" ("Халифат сарбаздары") жиһад тобының көшбасшысы Абделмалек Гуридің көзін жойған. Ол француздық Эрве Гурдельді кепілге алуға және оның өліміне себепкер болған.
Франциядан келген турист Эрве Гурдель 20 қыркүйекте алжирлік Тизи-Узу қаласында кепілге алынған.