«Алжир» мұражайында «Азаттықтың азапты жолы» көрме залы ашылды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Ақмол ауылынында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінде «Азаттықтың азапты жолы» көрме залы ашылды.  

«Алжир» мұражайында «Азаттықтың азапты жолы» көрме залы ашылды

Залдың шағын болуына қарамастан, мұражай қызметкерлері оған «Ашаршылық азасы», «Атом тозағы», «Тіл мен дәстүр мазағы», «Қуғын-сүргін қасіреті», «Ауған қайғысы» және «Арал апаты» тақырыптары бойынша тарихи дерек-дәйек материалдарын орналастырды. Ал көрме залының төрінде «Ата-баба арманы» айдарымен бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жетістіктері жайында баяндайтын стенд ұйымдастырылды. Бұдан басқа, жаңа залда тарихи жәдігерлер мен қолжазбалар қойылып отыр.