Алжир оппозициясы наразылық шеруінің жаңа акциясы 19 ақпанға белгіленді

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Алжир оппозициясы наразылық шеруінің жаңа акциясы 2011 жылдың 19 ақпанына белгіленді. Бұл туралы ұйымдастырушылардың өкілдері хабарлады.
None
None

Олар басқарушы режимді ауыстыру және қоғамдық-саяси өмiрдi ырықтандыру талабымен көшеге шығатындарын атап өтті, деп хабарлайды РБК Associated Press-ке сілтеме жасап.

Олар бұл жолы наразылық акциясына шығатын адамдар бұрынғыдан көбірек болатынын ескертті.

Еске сала кетсек, 12 ақпан күні Алжир астанасында полиция бұқаралық шеруге қатысушы 400 адамды қамауға алды. «Полицей мемлекетi болмасын» және «Бiздiң Алжирді кері қайтарыңдар" деген ұранмен мыңдаған адам Алжир қаласының көшелеріне шықты. Шерушілер бірнеше рет полицейлермен қақтығысып та қалды.

Соңғы жаңалықтар