Алжир орман өртегендер мен бала ұрлағандарды өлім жазасына кеспек
АСТАНА. KAZINFORM — Алжирде бірқатар қылмыс үшін жаза қатайтылмақ, ала төменгі палата мақұлдаған заң жобасы қоғамда пікірталас тудырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
1 қазан, бейсенбі күні Алжир парламентінің төменгі палатасы Ұлттық халық жиналысы орманды қасақана өртеу, сондай-ақ бала ұрлап, оның арты азаптау, жыныстық зорлық-зомбылық немесе дене жарақатын жеткізуге ұласса, мұндай қылмыстар үшін өлім жазасын енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, түзетулерді 307 депутат қолдап, 17 депутат қарсы дауыс берді, ал жеті депутат қалыс қалған.
Енді заң жобасын жоғарғы палата Ұлт кеңесі қарайды, содан кейін оны президент Әбделмәжид Теббун бекітеді. Түзетулер әлі күшіне енген жоқ. Алжирдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, орманды қасақана өртеу 30 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады, ал кейбір жағдайларда қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
🇩🇿 Les députés algériens ont étendu jeudi la peine de mort aux auteurs de feux de forêts ou de champs malgré un moratoire, une mesure défendue par le président après les incendies meurtriers de cet été. ➡️ https://t.co/NUSrEhQoU4 https://t.co/uckQjksgrq
— Agence France-Presse (@afpfr) October 1, 2026
Заң жобасында ормандарды, бұталарды, егістіктерді және ағаштарды қасақана өртегендерге өлім жазасын белгілеу көзделген. Жекелеген ережелер шет мемлекеттің немесе ұйымның мүддесі үшін, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасаумен немесе ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысумен байланысты болса, мемлекеттік және жеке меншікті өртеуге де қолданылады.
Сонымен қатар, заң шығарушылар арты азаптауға, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге немесе дене жарақатына ұласатын балаларды ұрлау қылмысы үшін өлім жазасын енгізу ұсынылды. Мұндай қылмыстарға қатысты жазаны жеңілдететін мән-жайлар пайдаланылмайды.
Үкімет жазалардың күшейтілуін өрттің және балаларға қарсы ауыр қылмыстардың алдын алу қажеттілігімен түсіндіреді.
Тамыз айының соңында елдің солтүстік-шығысында болған алапат өрттерден кейін осындай түзетулер ұсынылып отыр. Солтүстік Африкадағы аптап ыстық кезінде Алжир мен Тунис өрттен қатты зардап шекті. Ресми мәліметтер бойынша 12 адам қаза тапқан, бірақ тәуелсіз БАҚ өлім санының айтарлықтай көп екенін жазды.
The official death toll from the blazes, which swept through the country's northeast during the summer, was 12 people, but witnesses have reported the deaths of dozens https://t.co/7FsgojNaXn
— The New Arab (@The_NewArab) October 1, 2026
— Өлім жазасын енгізу мұндай қылмыстардың алдын алу үшін дұрыс құқықтық жауап болады, — деді әділет министрі Лотфи Буджема.
Оның айтуынша, қасақана өрт қою соңғы кезде ұйымдасқан қылмысқа айналған және тергеулер мұндай қылмыстардың шетелдермен байланысы болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.
Заң жобасын президентті жақтайтын көпшілік партиялар және бірнеше оппозициялық көңіл күйдегі ислам бірлестіктері қолдады. Ал Жұмысшылар партиясы, Социалистік күштер майданы және Мәдениет және демократия жолындағы бірлестік қарсы дауыс берді.
Оппозиция заңның жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың, оларға әділет іздеуге көмектесудің орнына сот жүйесін «кек алу қаруына» айналдыруы мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Қарсы тарап, сонымен қатар соттың қателік жіберуі мүмкін екенін де ескертті. Депутат Мохаммед Абдусси әйгілі Джамель бен Исмаил ісін еске салды. 2021 жылы оған қасақана орман өртеді деп негізсіз айып тағып, Кабилия тұрғындары өлтіріп тастаған болатын.
Абдуссидің айтуынша, апелляциялық шағымдардан кейін осы іс бойынша өлім жазасына кесу үкімдерінің саны 48-ден 38-ге дейін қысқарған.
— Бұл мысал орындалғаннан кейін қайтаруға болмайтын жазаның қауіптілігін көрсетеді. Адам шығаратын үкім қате болуы мүмкін, — деді Абдусси.
Amnesty International да түзетулерге қарсы шықты. Ұйым билікті өрттің алдын алуға және төтенше жағдайларты тойтару жұмысын жақсартуға назар аударуға шақырды.
Басқа құқықтық ұйымдар да кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек деп санайды, алайды өлім жазасы өрттің алдын алудың тиімді әдісі емес.
Алжир жалпы өлім жазасы қолданылады, соттар әлі күнге мұндай үкімдерді шығарып келеді. Дегенмен, 1993 жылдан бері елде өлім жазасы орындалған жоқ.
Еске сала кетейік, Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынасын үзді.