14:00, 28 Сәуір 2013 | GMT +5
Алжир Президенті микроинсульт алды
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Алжир Президенті Абдель Азиз Бутефлика микроинсульт алды, деп хабарлады 24.kz.

Қазір 76 жастағы ел басшысын Парижде Франция дәрігерлері тексеріп жатыр. Бұған дейін Алжир ұлттық медицина орталығының басшысы президенттің жағдайына алаңдайтын еш себеп жоқ деген болатын. Айта кетейік, наурыз айында Алжирдің «Әл-Хабар» газеті А.Бутефликаның 2014 жылы өтетін президенттік сайлауға түспейтіндігі жайлы хабарлаған еді. Жалпы Абдель Азиз Бутефлика 2009 жылы ел президенті болып үшінші мәрте сайланған болатын. 1999 жылдан бері ел тізгінін ұстап келе жатқан басшы осы уақыт ішінде елдегі қарулы шиеленісті тоқтатып, қауіпсіздікті қайта орнатып, ел экономикасына шетел инвестицияларын тартуды қайта жандандырды.