01:46, 19 Қазан 2015 | GMT +5
Алжирде әскери қоймада жойқын жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің Айн-Дельф қаласындағы жарылғыш заттар ұлттық басқармасының бөлімшесінде жарылыс болып, кем дегенде 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Algerie Presse Service агенттігіне сілтемемен 24.kz хабарлап отыр.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиға детонациондық баулар дайындайтын шеберханада болған. Қазір оқиға орнында Азаматтық қорғаныс қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Құтқару жұмыстарын жеңілдету мақсатында Айн-Дельфтен Оран қаласына апаратын автожол жабылды.
Фото:lifenews.ru