Алжирде берберлер мен арабтар арасындағы қақтығыстан 8 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирде арабтар мен берберлер арасында қақтығыс болып, 8 адам қаза тапты, 30 адам жараланды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Алжирде берберлер мен арабтар арасындағы қақтығыстан 8 адам мерт болды

Полицияның хабарлауынша, қақтығыс Гардая қаласында орын алған. Төбелес кезінде көліктер өртеліп, үйлерге зақым келтірілген.

Соңғы жылдары арабтар мен берберлер арасында жұмыс орындары бар аумаққа бақылау жүргізуге талас күшейіп барады. Бұл жолы арабтар ескі бербер храмына тиіскен.