08:04, 28 Наурыз 2016 | GMT +5
Алжирде МИ-171 әскери тікұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің Қорғаныс министрлігі елдің оңтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырағаны туралы хабар таратты. Оның бортында болған 12 әскери қызметкер опат болды.

Хабарламада бұл Ресейде шығарылған Ми-171 тікұшағы екені атап өтіледі.
Елдің Қорғаныс министрлігі апат техникалық ақау салдарынан болды деп болжап отыр.
Би-би-си тілшісінің атап өтуінше, Алжирде әуе апаттары жиі орын алып отырады. Соңғы оқиға 2014 жылдың ақпан айында болған: онда әскери тасымалдаушы ұшақ құлап, ішінде болған 77 адам қаза тапты.