Алжирдің мигранттар лагерінде өрттен 18 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің Уаргла қаласындағы африкалық мигранттар лагерінде өрт шығып, 18 адам ажал құшты. Тағы 43-і жарақат алған.
None
None

Жергілікті шұғыл қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, от түн ортасында тұтаныпты. Бұл уақытта іште 600-ге жуық адам болған көрінеді. Қазір олар уақытша басқа орынға ауыстырылды. Марқұмдардың қай елдің азаматтары екені әзірге белгісіз. Өрт себебі анықталуда, деп хабарлады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар