Аман Төлеев Кузбасста болған төтенше оқиға бойынша іздеу-құтқару штабын басқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Кемеров облысында сәрсенбіге қараған түні разрезде тау-кен үйіндісі құлап, үш кенші оның астында қалды, деп хабарлады РИА Новости.

Аман Төлеев Кузбасста болған төтенше оқиға бойынша іздеу-құтқару штабын басқарды

Бұдан бұрын ТЖМ өңірлік басшысы үйінді астында машинистерімен екі экскаватор мен бір бульдозер қалғанын хабарлаған.

«9 желтоқсанда сағат 2-де орын алған апат салдарынан екі экскаватор мен бір бульдозер үйінді астында қалды. Үш кенші іздестіріліп жатыр. Облыстық іздеу-құтқару штабын губернатор Аман Төлеев басқарады», - делінген әкімшілік хабарламасында. Бұл шахта «Черниговец» компаниясына тиесілі - ол «СДС-Уголь» компаниясының құрамына кіреді, Кемеров облысының солтүстігінде кен орнын игерумен айналысады.