Аман Төлеев Ресейдегі іскер басшылардың көшін бастап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Кемеров облысының басшысы Аман Төлеев Азаматтық қоғамды дамыту қоры құрған губернаторлардың тиімділік рейтингінде көшбасшы атанды, деп хабарлайды Вести.ру.

Аман Төлеев Ресейдегі іскер басшылардың көшін бастап келеді

Өткен рейтингпен салыстырғанда, Аман Төлеев 3 орынға жоғары көтерілген, деп хабарлады «Россия 24» телеарнасынан. «Минус» белгісіндегі көшбасшылардың арасында Хакассия және Забайкал өлкесінің басшылары - Виктор Зимин мен Константин Ильковский бар. Екеуінің де рейтингі 5 сатыға төмендеген. Оған екі жағдайда да аймақтардың ормандағы өртке дайын болмауы себеп болды.