21:29, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Аман Төлеевтің жүргізушісі кінәсіз деп табылды
МӘСКЕУ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Кузбастың губернаторы Аман Төлеевтің жүргізушісі жол-көлік оқиғасында кінәсіз деп табылды. Тергеу басқармасы ақпанда болған апат оқиғасын тексеруді аяқтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Ол кезде аймақ басшысының кортежі «КамАЗ» көлігіне соқтығысып, соққыны Алтай жол бекеті қызметінің жасақтары өзіне қабылдаған болатын. Соның салдарынан бір адам қаза тапты және бір адам жарақат алды. Төлеев және оған ілесіп жүрген тұлғалар зардап шеккен жоқ.
Тергеушілер жүк көлігінің жүргізушісі қылмыстық жеңілдікке бой алдырған және жол қозғалысының ережесін бұзған деген қорытындыға келді. Бұл жөнінде бүгін Алтай тергеу бөлімшесі жетекшісінің аға көмекшісі Ольга Чеснокова мәлімдеді.