«AMANAT» партиясы жаңа жобаларға бастамашы болуға тиіс – сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенаты аппарат басшысының орынбасары Максим Споткай «AMANAT» партиясына жаңа форматтағы жұмысын қалай құру керектігі туралы пікір, деп хабарлайды.
«Қазір партия трансформациясы туралы үлкен пікірталас жүріп жатыр. Көбісі партияның ребрендингіне қатты көңіл бөлуде. Бірақ, трансформациядағы ең маңызды нәрсе атау мен логотипті өзгерту емес. Партияның трансформациясындағы ең бастысы – жұмысын адамдарға қайта бағыттау. Яғни, қоғамдық қабылдаулар белсенді жұмыс істеуі керек, оған тек шағымы бар адамдар ғана емес, ұсыныстары, идеясыы бар адамдар да жүгінуі қажет. Әрине елдің шағымына уақытында үн қату партияның басым бағыты болып қалуы керек», - деді Максим Споткай.
Оның айтуынша, партия өңірлердегі жұмысты белсенді ете түсуі керек.
«Қазір біз «AMANAT» партиясын орталық аппарат ретінде қабылдаймыз. Бірақ партияның өңірлердегі бастауыш ұымдарының маңызы зор. Солардың жұмысын күшейту – маңызды міндеттердің бірі. Сонымен қатар, партия қандай да бір жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі болуы керек. Жалпы, біз партияны өз идеяларымызды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде қабылдауымыз қажет. Ал жастар үшін бұл «әлеуметтік лифт» болғаны маңызды. Партия да маман даярлауға атсалысуға тиіс. Осының бәрі партияны трансформациялау процесі деп есептеймін», - деді Максим Споткай.