«Amanat» партиясына халықпен жұмыс істеуден бастау керек - Талғат Қалиев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпараттың сұхбат алаңында сарапшылар «Amanat» партиясының кешегі съезінде айтылған Қазақстандағы партия жүйесін дамыту мәселесін талқылады. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің айтуынша, партия жұмысының тиімділігін өлшейтін жалғыз құрал сайлау болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Amanat» партиясына толыққанды бәсекеге түсуге тура келеді. Партияның жұмысына аралық нәтижелер бойынша баға бере алмаймыз. Сондықтан сайлау нәтижесі кез келген партияның жұмысы қаншалықты тиімді болғанын көрсетіп береді. Жақсы жұмыс істесе, сайлауда жеңеді, нашар істесе, жеңіледі деген сияқты. Ондай жағдайда келесі сайлауға барын салып, ерте бастан жұмыс істеуге тура келеді», - деді сарапшы.
Оның пайымынша, партияға үйреншікті аядан шығып, халықпен шынайы жұмыс істеуі керек.