AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов желіде жазды.

AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді
«Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.
Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.
Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда», - деді А. Оралов.