АМАНБАЙ КҮМБЕЗІ
нбай күмбезі - Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі. Күмбез Бетпақдаланың солтүстік - шығысында Босаға өзенінің жағасында Тайатқан тауынан оңтүстік - шығысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан.
Аманбай күмбезі Ағыбай батырдың баласы Аманбайға арналып 1924 жылы салынған.
Кесене бір бөлмелі күмбезді ғимарат түрінде шикі кірпіштен тұрғызылған. Сегіз қырылы іргелілігі сатылай өріліп шошақ күмбезбен жалғасады. Алдыңғы беті ерекше мәнермен қаланып, белдеулермен өрнектелген.
Шеңбер түрінде жоспарланғанмен күмбезі ішкі жағынан сыртқы пішініне мүлдем ұқсамайтын параболикалық әсер қалдырады. Кесененің іргелігін белдеулей бөлмеге өтетін екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны ойықтар жасалған. Кесененің іші сыланбаған.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том