Амандық Баталов көмірге барған әйел неге жүк тиегішке мініп алғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов фронталды жүк тиегіштің күрегіне отырып алған әйелдің видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарыөзекте әйел адамның жүк тиегіштің күрегіне мініп алған видеоға тоқталсам, кейіннен бұл жағдайды «Алматы облысында көмір тапшылығынан адамдар осындайға барып жатыр» деп таратты. Осы оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі анықтадым. Аталған әйел ол жерде бұрыннан жұмыс істейді екен, бизнеспен айналысады. Оның үш жүк көлігі бар және сол жерден алған көмірге ақшаны үстемелеп қосып, тұрғындарға қайта сатады», - деді А. Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол салық органдары мен полицияға тиісті тапсырма бергенін айтты. Олар көмірді алып-сатумен айналасып, осылай табыс жасап жүр.

«Нәтижесінде, көмір тапшы деп көрсетті. Сол күні бізде 10 вагон жүкті түсіруге келді, ал 20-сы жақындап қалған еді. Бізде әр вагон нөмірленген, әкімдік адамдары оны ерекше бақылауда ұстап тұр», - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, биыл қазан айының соңында Алматы облысында көмір алу үшін көліктің фронталды жүк тиегіштің күрегіне мініп алған әйелдің әрекетіне әкімдік түсінік берді. Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылының тұрғыны көмірге алуға келіп жүк тиегіштің күрегіне мініп алған әйелдің видеосы желіге тараған болатын. Ол көмірді жүк көлігінің бортына төгіп жатқанда да тиегіштен түспеген.


Соңғы жаңалықтар