Амандық Баталов «Рухани жаңғыру» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланған бағыттар бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амандық Баталов жиын барысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«Биылғы жылдың өткен жеті айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Біздің алдымызда бірнеше маңызды тапсырма тұр. Мемлекеттік «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының орындалуы Елбасының ерекше бақылауында. Сол себепті, осы және өзге де бағыттар бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізу қажет. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін қолдану мәселесіндегі, соның ішінде денсаулық сақтау саласында осы механизмді қолдануда белсенді жұмыстар жүргізуіміз керек. Өңірге инвестиция тарту да ерекше назарда. Сондықтан да, аудан, қала әкімдері мен басқарма және департамент басшыларына осы аталған тапсырмаларды орындауда үлкен жауапкершілік танытуды сұраймын. Аталған бағыттардың орындалуы әрқайсыңыздың атқарған жұмыстарыңыздың  айқын көрсеткіші болып табылады», - деді өңір басшысы.

Жиын барысында облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындауға ерекше назар аудару қажеттігін де атап өтті.

Амандық Ғаббасұлы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы мен осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарына: «Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында қолға алынған жұмыстарды күшейту қажет. Бізде көп мүмкіншіліктер бар, алайда белсенділік таныту жағы ақсап тұр. Істеліп жатқан жұмыстарыңызда нақтылық байқалмайды. Жаңаша көзқараспен қарап, тиісти шаралар қабылдаңыздар, - дей келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы ашылған Талдықорған қаласындағы облыстық  жобалық кеңсе жұмысын қайта қарап шығуды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram