Амангелді Таспиховтың өкілдері түлкібастықтармен кездесті
Мәнтай Жарымбетов ауылындағы алма бақта өткен кездесуге ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет және кітапхана қызметкерлерінен құралған 150 адам қатысқан.
Кандидат Амангелді Таспиховтың Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов алда келе жатқан саяси доданың мемлекет тарихындағы маңыздылығына тоқталды.
Үміткердің сайлауалды тұғырнамасын егжей-тегжейлі түсіндірген Берік Бекжанов сайлаушылардың сауалдарына да жауап берді.
Жиында сөз алған білім саласының қызметкерлері Ержан Махашев пен Гаухар Меңдібаева еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен Қазақстанның жарқын келешегі туралы ой-пікірін ортаға салды.
Кездесуге келген көпшілік Қазақстан кәсіподақ ұйымының болашақтағы жоспарлармен танысып, жаңа мүмкіндіктерге қанықты.