Аманияз Ержанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аманияз Ержанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Аманияз Ержанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен кетті


ҚР Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды.

Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, БЛКЖО жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған.

2018-2019 жылдары — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.