Аманкелді Таспиховтың штабы «Казфосфат» ЖШС еңбеккерлерімен кездесті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховтың Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Б.Нұрымбетов, Е.Каппель және аймақтық штаб жетекшісі М.Төлепберген «Казфосфат» ЖШС-нің ЖЖФЗ-ы Тараз филиалының еңбеккерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жиынын өткізді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан хабарлады.
Жиында сөз сөйлеген Б.Нұрымбетов өз кандидаттарының өмірбаянын айта келе, сайлауалды тұғырнамасының ерекшелігіне тоқталды. Осы жиында сондай-ақ кәсіпорындағы ұжымдық шарттың шешімін таба алмай отырған тұстары да әңгіме болды.
Айта кетейік, ҚР Президенті сайлауы 9 маусы күні өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.