Амантай-қажы Асылбек Президентікке кандидат ретінде мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға келмей қалды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай-қажы Асылбек Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысына белгісіз себептермен келмей қалды.
None
None

Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты журналистерге сұхбат берген аталмыш лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мәлім етті.

«Біз бүгін түске дейін, Президенттікке кандидат Асылбек Амантайдың қазақ тілін білу деңгейін тексеруіміз қажет болатын. Осыған қарай бүгін комиссия мүшелері сағат 11-00-де толықтай жиналды. Біз оны 55 минут күттік. Қазір ол не телефонға жауап бермейді. Оған емтиханның бүгін өтетіндігі алдын ала хабарланған болатын. Біз енді комиссияның мезгілінде жиналғанын, бірақ Президенттікке кандидат Асылбек Амантай-қажының келмегендігі көрсетілген хаттамаға қол қойып кетіп барамыз»,-деді М.Жолдасбеков.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш кандидат енді Орталық сайлау комиссиясымен хабарласып өзінің өтінішін білдірсе, емтихан тапсыратын уақыт басқа күнге белгіленеді. «Яғни, кандидаттың емтихан тапсыруға әлі де мүмкіндігі бар»,-деді лингвистикалық комиссия төрағасы.

Соңғы жаңалықтар