Amazon басшысы Джефф Безос әлемдегі ең бай адамға айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Forbes журналы 6 наурыз күні әлемдегі миллиардерлердің 32-ші жылдық рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017 жылдың қорытындылары бойынша әлемдегі ең бай 20 адамның жиынтық байлығы 1,2 триллион долларға жеткен.
2018 жылғы рейтингтің көшбасшылығы Amazon басшысы Джефф Безосқа бұйырды. Безостың табысын Amazon акциялары бағасының көтерілуі арттырды. Оның акциялары 2017 жылы 60%-ға қымбаттаған.
Екінші орынды табысы $4 млрд-қа молайып, $90 млрд-қа жеткен Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс иеленді. Үздік үштікті былтыр 8,4 млрд доллар табыс тапқан Уоррен Баффет түйіндеді. Әлемнің ең танымал инвесторының байлығы 84 млрд долларға бағаланып отыр.
Фото: www.iqmonitor.ru