Амазонка джунглиінде туристер өзге планеталықты түсіріп алды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Ғайыптан пайда болған өзге планеталық түсіп қалған сенсациялық бейнені Амазония ну орманында британдық туристер түсіріп алған. Жазбаның түпнұсқалығын танымал уфолог, NASA-ның бұрынғы қызметкері Майкл Коэн де қуаттап отыр, деп хабарлады bnews.kz сайты.

Амазонка джунглиінде туристер өзге планеталықты түсіріп алды

Мамаус атты жерде жергілікті тұрғындарды камераға түсіріп жүрген британдықтар кадрларды қайта көру кезінде орман арасында артқы фонда гуманоид типтік өзге планета өкілдеріне қатты ұқсас тіршілік иесінің тұрғанын аңғарып қалады, деп жазады Travel Daily.

Майкл Коэннің сөзіне қарағанда, авторлары оған тексеруге жіберген жазба түпнұсқа болып табылады. Және онда шынымен өзге планета өкілі түсіп қалған.

«Бұл шынымен де өзге планеталық. Оларды осындай кішкентай, сұр әрі басы үлкен қылып суреттеуші еді ғой әдетте. Ал жарық шағылысына келетін болсақ, ол келімсектің өзге планетадан ұшып келген көлігінен шығуы мүмкін», - деді Коэн.

Коэннің британ туристері түсіріп алған бейнесіндегі гуманоид анық әрі оның түпнұсқалығына шүбә келтіруге болмайды дегеніне қарамастан, бірқатар скептиктер бейнені зерттеп, бірнеше кемшіліктерін анықтаған. Оларды гуманоидтың жалпыға ортақ образға ұқсауы және оның мүлде қозғалмауы қатты күдіктендіреді. Оның көлігінен шыққан жарқыл да бір орыннан қозғалар емес.

Жалпы алғанда, уфологтардың үштен бірі өзге планета өкілінің рас екеніне сенімді және сонша адам оның жалған екенін алға тартуда, қалған үштен бірі әлі ортақ шешімге келіп үлгермеген, деп хабарлайды Yтро.ru.