Амазонкада 185 жолаушы мінген кеме аударылды

АСТАНА.  Шілденің 22-сі.  ҚазАқпарат  -  Бортында шамамен 185  адам  болған  кеме  сейсенбі күні Бразилияда   Амазонка өзенінде  апатқа   ұшырады,  деп   хабарлайды   «Вести-24»  телеарнасы.

Амазонкада  185 жолаушы мінген  кеме аударылды

Манаус   қаласынан  Сантаремға бара жатқан    "Каролина ду Норчи" кемесі   жолға енді  шыға салып,   аударылған.   Алдын-ала  долбар бойынша,   оқиғаға   айлақтан  шыға  берісте штурвальдың істен  шығуы  себеп  болған.

Жолаушылардың  көбісі құтқарылған,  бірақ олардың нақты саны әзірге  анық  емес.   Кеме  бортында  экипаж   мүшелерін қосқанда,  қанша адамның  болғаны  әлі  анық  емес.

Қазір оқиға орнында  сүңгушілер   жұмыс істеуде.  Көргендердің айтуынша,   бірнеше адам  өз  каюталарынан шыға алмай  қалған.

Амазонияда кеме  апаттары   жиі    орын  алады.    Өткен   жылдың мамыр  айында    "Команданте Салес"   жолаушылар  кемесі  ұйыққа тап болып,  аударылған  кезде   40-тан  астам адам қаза тапқан еді.