«American Airlines» әуе компаниясының ұшағымен ұшу кезінде 15 жолаушы зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - American Airlines әуе компаниясының Сеулден Далласқа ұшқан рейсі ұшағында 15 жолаушы лайнердің турбулентті аймаққа түсуіне байланысты түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды Meduza.
Ұшақ экипажы шұғыл түрде бағытын ауыстырып, бортты Жапонияның Нарита әуежайына қондыруға мәжбүр болды. Онда мамандар әуе көлігінен табылуы мүмкін ақауларды іздестіруде, одан кейін ұшақ өз сапарын жалғастырады. American Airlines-тың ресми өкілдері Далласқа ұшқан ұшақ оқиғасына байланысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.