American Airlines компаниясының ұшағы лаңкестік әрекет туралы қоқан-лоқының салдарынан жолдан қалды

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Сан-Франциско әуежайында төтенше оқиға орын алды. Бейсенбі, тамыздың 19-ы күні лаңкестік әрекет туралы қоқан-лоқының салдарынан American Airlines компаниясының Нью-Йоркке ұшқалы тұрған Boeing 767 жолаушылар ұшағы жолдан қалды.
None
None

Жергілікті құқыққорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып лайнер бортына бомба қойылғанын хабарлаған. Бұл кезде ұшақтың ішіне кіріп жайғасып қойған жолаушылар, дереу аэровокзал ғимаратына көшірілген. Олар қайтадан тексеруден өткізілген, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Дереккөз оқиғаның мән-жайы туралы басқа ешқандай ақпарат келтірмеген. Дегенмен, кейбір мәліметтер бойынша, лайнерді басып алу әрекеті орын алған. Куәгерлердің айтуынша, қолдарына кісен салынған екі жолаушы ұшақтан алып шығарылған.

Ұшақ бортында 174 адам болған, оның 11-і - экипаж мүшелері. Барлығы аман-есен.

Соңғы жаңалықтар