American Airlines рейсінің сегіз жолаушысы жарақат алды
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Флорида штатының Тампа қаласынан Теннесси штатының Нэшвилл қаласына ұшып бара жатқан American Airlines рейсі ауада қатты турбуленттілікке ұшырап, Алабама штатына қайта бағыт алды. Осыдан кейін сегіз адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News агенттігіне сілтеме жасап.
American Airlines авиакомпаниясы «күтпеген турбуленттілікке» қарамастан, ұшақ Американың Бирмингем қаласына сәтті қонды.
Әуе компаниясы екі стюардесса мен алты жолаушы әрі қарай тексерілу үшін ауруханаға жатқызылғанын растады.
Зардап шеккендердің жай-күйі және жарақат алу себептері туралы қосымша ақпарат хабарланбайды. Embraer E175 бортында 52 жолаушы, екі ұшқыш және екі стюардесса болған.
Федералды азаматтық авиация басқармасы мен көліктегі қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңес оқиғаға қатысты тергеуді қарастырып жатқанын айтты.
Фото: www.cbsnews.com