22:52, 30 Мамыр 2015 | GMT +5
American Express президенті корпоративтік ұшақтың бортында көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - American Express компаниясының президенті Эд Гиллиган жұма күні кешке корпоративтік ұшағымен Нью-Йоркқа қайтып келе жатқан кезде көз жұмған, деп хабарлайды Утро.ru.

Гиллиган 55 жаста еді. Оның зайыбы мен төрт баласы қалды. Оның ұшағы АҚШ аумағына мәжбүрлі түрде қонуына тура келген. Компанияның өкілі Гиллиганның қайдан ұшып келе жатқаны айтпады.
American Express президенті бұл компанияда 35 жыл бұрын тәлімгер ретінде жұмыс істей бастаған. Қазіргі қызметіне 2013 жылы кіріскен еді.
Соңғы жылдары Гиллиган компанияны дамытудың бірқатар бағыттарымен жұмыс істеген. Атап айтқанда, коммерциялық карталар, шағын бизнес, сауда қызметтері, саяхаттар, сандық серіктестік пен төлемдер сияқты бағыттармен жұмыс атқарған.
Қаржы қызметтерінің талдаушысы Джим Шэнахэннің айтуынша, Гиллиган American Express компаниясының қазіргі атқарушы директоры Кен Шеноның орнына негізгі кандидат болған.