Америка елшісі быламық пісіріп, тары шай демдеп үйренді

елші
Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Наурыз мерекесіне орай быламық пісіріп үйренді. 

Елішіліктің таратқан ақпаратына сенек, елші Розенблюм мен оның жұбайы Шэрон қазақ этнографы Әйгерім Мұсағажиновадан Наурыз мейрамының рецептерін үйреніп, мерекенің рухын сезініп жатыр. 

Олар әуелі быламық пісіріп көрді. Дәстүрлі түрде жас босанған аналарға, науқастарға немесе қарттарға ұсынылатын бұл ботқа бидайдан немесе тары ұнынан жасалады.

Әуелі бидай немесе тарыны тұшытылған мал майымен қызарғанша қуырып алады, содан кейін сиыр сүтіне қайнатып, оған қант пен тұз қосады.

Олар сондай-ақ тары шай демдеді.

Бұл шайдың ерекшелігі — оның адамның ас қорыту жүйесіне тигізетін үлкен пайдасында жатыр, өйткені ол қолдан ұшырылған тарыдан жасалған. 

Соңғы жаңалықтар