Америка ғалымдары суда езіліп кететін батарея ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айова штатындағы ғылым және техника университетінің ғалымдары экологиялық литий-иондық аккумуляторлық батареяларды құрастырды. Олар суда 30 минутта ериді. Бұл туралы университет сайтында хабарланды.

Америка ғалымдары суда езіліп кететін батарея ойлап тапты

Жоба авторы профессор Реза Монтазами өздігінен жойылатын электрониканы өндіруге жол ашатын технологияны құрастыру жұмыстарымен айналысады.  Енді Монтазами мұндай жабдықтарда пайдаланыла алатын қуат беру бөлшегін құрады.  

Батарейка бөлшектері суда ісініп жарылады, кейін жойылады.  

Батареяның жойылмайтын бөлшектері нанобөлшектер ретінде ыдырайды.  

Қуат бергіш өлшемі - ұзындығы 5 миллиметр, ені 6 миллиметр, қалыңдығы 1 миллиметр. Ол 2,5 вольтты қуат береді және үстел калькуляторының 15 минуттық жұмысын қамтамасыз етеді.  

«Өздігінен жойылатын электроника әскери құпияларды көшіруден сақтайды. Ол науқас денесінен алмауға болатын медициналық импланттар жасауға көмектеседі. Осындай әдіспен қоршаған орта параметрлерін өлшейтін датчиктер құрастыра аламыз» - деді Айова штатындағы университеттің механикалық инженерия профессоры Реза Монтазами.