Америка кубогы: Уругвай құрамасы Бразилияны жарыс жолынан шығарды

Америка кубогы: Уругвай құрамасы Бразилияны жарыс жолынан шығарды
Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM – Уругвай құрамасы 2024 жылғы Америка кубогының жартылай финалына шықты. 

Марсело Бьелса шәкірттері Бразилиямен негізгі уақытта тең түсті. Ойында қауіпті сәттер болғанымен гол соғылмады.

Пенальти сериясында Уругвай футболшыларының (4:2) мерейі үстем болды. 

Уругвай 11 шілде күні жартылай финалда Колумбиямен кездесіп, кім мықтыны анықтайды. Ал, 10 шілдеде екінші жартылай финалдық ойында Аргентина мен Канада финалға шығуға таласады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Колумбия құрамасының Америка кубогының ширек финалына шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram