11:19, 26 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Америка полицейлері мүгедек арбаға таңылған қаранәсілдіні атып тастады - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласының полиция офицері 24 қыркүйекте тәртіп сақшысының «қаруыңды тастап, қолыңды көтер» деген талабын орындамаған қаранәсілді арбадағы мүгедек ер адамды атып тастады. Алдын ала нұсқа бойынша, Джереми Макдоул 0,38 дюйм калибрлі тапаншамен қаруланған. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.
Полицияның айтуынша, мүгедек тапаншасына қол сала бергенде сақшылар оқ атқан. Тәртіп сақшылары Макдоулдың айналасындағы адамдарға оқ атуы мүмкін деп қорыққан. Өз әріптестерін қорғамақ болған офицерлердің бірі оны атып өлтірді.
Алайда өлтірілген ер адамның анасы болған оқиғаның өз нұсқасын айтып отыр. Ғаламторда жарияланған видеоға жүгіне оырып, ол ұлының қаруды алып шықпағанын, қолдары оқ ату кезінде тізесінде болғанын айтып сендіруде. Филлида Макдоул тәртіп сақтау өкілдерінің неліктен оқ атқанын түсінбейтінін айтып, болған оқиғаны «үлкен әділетсіздік» деп атады. Ескерту: Видео қатыгез сипатта түсірілген!